Жол ережесін бұзғандар екі есе шығындалады

Бұдан былай жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден сағатына 10-20 километрге арттырған адам – 10 АЕК, 20-40 километрге арттырған – 15 АЕК (27 мың 780 теңге), 40 километрге арттырса – 30 АЕК (55 мың 560 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі керек.
Бұдан былай жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден сағатына 10-20 километрге арттырған адам – 10 АЕК, 20-40 километрге арттырған – 15 АЕК (27 мың 780 теңге), 40 километрге арттырса – 30 АЕК (55 мың 560 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі керек.
Бұдан былай жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден сағатына 10-20 километрге арттырған адам – 10 АЕК, 20-40 километрге арттырған – 15 АЕК (27 мың 780 теңге), 40 километрге арттырса – 30 АЕК (55 мың 560 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі керек.

Жол ережелері туралы жаңа заң шығып, өзгерістер енгізіле қалса елең етпейтін жан кемде-кем. Өйткені елімізде 4 адамға бір көліктен келеді екен. Осыдан-ақ жолда жүру ережелерінің қоғамда қандай маңызға ие екенін бағамдай беріңіз.

Үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап жол ережелеріне қатысты жаңа заң күшіне енгенінен көпшілік хабардар. «Жол жүрісі туралы» заңға 17 сәуір күні ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған еді. Заңды ұсынушылар бұл құжаттың халықаралық көлік қозғалысы нормаларына сай өзгертілді дейді. Дегенмен кейбіреулер заңда көрсетілген жаңа ережелерден әлі де болса хабарсыз. Көлігіңізбен жолға шығып, жол ережесін байқаусызда бұза қалсаңыз төмендегідей айыппұлдар мен жаза күтіп тұрғанын біле жүріңіз. Сонымен…

Бұрын жүргізушілер полицияның өздерін қызметтік көліктеріне шақырып алып сөйлесетінін, оның ақыры пара алуға ұласатынын айтып шағымданатын. Жаңа заң бойынша, жүргізуші көліктен түспей, полицияның келуін күтіп отыруы тиіс.

Бұрын барлық «бармақ басты, көз қыстылар» жол полициясы көлігінің ішінде атқарылатын. Енді оған тыйым салынды. Бұдан кейін полиция келіп, тоқтатуының мәнісін түсіндіріп, сыртқа шығуыңызды талап етсе ғана шығасыз. Ол ол ма, полицияның рұқсатынсыз көліктен түскен жүргізуші ғана емес, полицияның «көліктен шығыңыз» деген талабын орындамай қойған жүргізуші де 5 АЕК (9 мың 260 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

«Жол жүрісі туралы» заңдағы жаңа ережелердің тағы бір парасы мынадай: көлік жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса – 5 АЕК, рөлде келе жатып телефонмен сөйлессе – 5 АЕК, тыйым салынған жерден бұрылса – 10 АЕК (18 мың 520 теңге), бағдаршам белгісіне бағынбаса немесе қозғалысты реттеушінің нұсқауын орындамаса – 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі керек.

Жаңа заңда көлік жылдамдығын шектен асырған жүргізушілердің жазасы да қатаңдаған. Бұдан былай жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден сағатына 10-20 километрге арттырған адам – 10 АЕК, 20-40 километрге арттырған – 15 АЕК (27 мың 780 теңге), 40 километрге арттырса – 30 АЕК (55 мың 560 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі керек. Жаяу жүргіншілердің де тәртібі қатаң бақылауға алынбақ. Енді бірнеше мәрте ереже бұзған азаматтар 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Тыйым салынған жерге көлігін қойғандар, көше қиылысында кептеліс туғызғандар да бұрынғыдан екі есе көп шығынданады. Қарсы бағытқа шығып кеткен көлік иелері бұған дейін 15 АЕК көлемінде айыппұл төлеп келсе, жаңа ереже бойынша олар көлік жүргізу куәлігінен 1 жылға айырылмақ. Мас күйі көлік айдағандар жүргізу құқығынан 5 жылға айырылады.

Бір айта кететін нәрсе, жаңа заң бойынша ең көп бұзылатын нормалардың жазасы ғана қатаңдаған, тым сирек бұзылатын ережелерге қатысты айыппұл сол қалпында қалыпты. Бұған қоса айыппұлдарды төлеуге байланысты жеңілдіктер де бар. Яғни, жүргізуші айыппұлды бір күннің ішінде төлесе – 50 пайызы,  жеті күннің ішінде төлесе 30 пайызы кешіріледі.

Бұдан өзге автокөліктің қымбат нөмірлерінің жаңа бағасы да белгіленіпті. Бұған ІІМ өзі мұрындық болуда. Орган бірыңғай сандардан бас-алатын қымбат нөмірлерді ресми түрде саудалау арқылы ел қазынасына қыруар қаржы құюды көздеп отыр. Бұл жоба Салық комитетімен келісімге келіп жасалған. Бекітілген құжат бойынша 100-ден 900-ге дейінгі нөмірлер мен 111-ден 999-ға дейінгі әдемі нөмірлер 253 мың теңгеден сатылады. Ал, 001-ден 009-ға дейінгі ерекше нөмірлердің құны 422 мың теңге болмақ. 777-нің де бағасы осындай.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ