Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында 5 жерлесіміз алтын тақты

333
Шымкенттің 5 боксшысы Әлем чемпионы атанды, сурет sports.kz сайтынан алынған

Алғашқы күні әлемдік додада екі жерлесіміз алтыннан алқа таққаны белгілі болған еді. Ал жарыс соңына қарай Оңтүстіктің үш былғары қолғап шебері бірінші орыннан көрінді.

Шымкенттің 5 боксшысы Әлем чемпионы атанды, сурет sports.kz сайтынан алынған
Сурет sports.kz сайтынан алынды

Чемпиондардың арасында Шымкенттің бес боксшысы да бар. Олар – 56 келіде сынға түскен Қайрат Ералиев пен 49 келілік Олжас Байниязов. Сондай-ақ, Бекман Сойлыбаев, 75 келіде бақ таластырған Бобиржон Моминов және ауыр салмақтағы Асқар Абдуллаев. Бұл жолы 20 елдің боксшылары ринг төрінде қолғап түйістірген болатын. Оңтүстік спортшыларының жеңісінің нәтижесінде отандық құрама командалық есепте бірінші орынға көтерілді.