Аналар жұмыртқаға қарық болған күн

336

Балдырғандарға барын беретін жомарт жандар өте көп. Солардың бірі – «Шымкент құс» фирмасының басшылығы. Балалардың мерекесінде аталмыш фирма тегін жұмыртқа таратты.

Мұндағы мақсат – көпбалалы отбасына сәл де болса көмек қолын созу. Акцияға келген қала тұрғындарының санында шек жоқ. Ұзын-сонар кезек. Қорап-қорап тегін жұмыртқаға қарық болған ата-аналар балаларына одан тәтті күлше жасап береміз дейді.

Көпшілікке сапалы жұмыртқасымен таныс «Шымкент құс» фирмасының өкілдері мұндай акция жалғасады деп сендірді. Айта өтейік, фирма тек мереке күндері ғана емес, үнемі әлеуметтік жағдайы төмен отбасына көңіл бөліп, жәрдем жасап отыратындарын алға тартты.