Жаңалықтар 

Соттар ауысты

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бірқатар судьялар жаңа тағайындауларға ие болды. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысының судьялары да бар. Сонымен, Елбасы Жарлығымен Пірнияз Зиядинхан Әбдібайұлы Алматы қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып, Ешпанов Нұрбол Әлиакпарұлы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Сарыағаш ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы болған Бек Әметов Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болды.

Оңүстік Қазақстан облысы бойынша Мұсаев Құнанбай Әбиболаұлы Мақтарал ауданы №2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Ордабасы аудандық сотына, Диханбаев Бауыржан Сайрамбайұлы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына, Мақұлбаев Жеңіс Тілләбайұлы Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Мақтарал ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz