Үш жылдың бюджеті нақтыланды

153
облыстық мәслихаттың депутаттары қаржының басым бөлігін әлеуметтік салаға бөлді

Облыс мәслихатының кезектен тыс 43-сессиясында 3 жылға жоспарланған облыс бюджеті нақтыланды. Жиында экономикалық күрделіліктер кезеңінде ауызбіршілік танытып, әлеуметтік қолдауға аса көңіл бөлу қажеттілігі баса айтылды. Облыс әкімі қалталы кәсіпкерлерді жол, мектеп, көпір салуға шақырды.

облыстық мәслихаттың депутаттары қаржының басым бөлігін әлеуметтік салаға бөлді

Бұл жолы депутаттар өңірдің 2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджетін бекітті. Басты құжатқа сәйкес қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік, білім, денсаулық және ауыл шаруашылығы саласына бағытталатын болды. Қазына қаржысының мақсатты, тиімді пайдалануын қамтамассыз ету заман талабы дейді халық қалаулылары.

Өңір экономикасының дамуына туризм саласының да ықпалы мол. Осыны ескерген халық қалаулылары «Оңтүстік» туристік орталығын ашуға 2 млн 309 мың теңге бөлуді жөн көрді. Мұны облыс басшысы да құп көрді.

Бюджетті бекеткендер түрлі ұсыныстарын айтты. Жыл сайын өсіп жатқан халықты ескеріп, инфрақұрылымды 30 жылға жоспарлауды ұсынды. Өңір басшысы көтерген бұл бастама көпшіліктің көңілінен шықты. Сессияға арнайы қатысқан әкімге сұрақ та көп болды. Өз кезегінде депутаттар сайлаушылардың аманатын облыс әкіміне жеткізуге тырысты.

Сұрақтарына жауап ала алмаған депуттар өңір басшысының қабылдауына шақырылды.

Шынар Оразова