Парламент депутаттары Шымкентке көшпелі отырысқа келді

282
Жанармай бекеті

Оңтүстікте сұйық отын қоры жеткілікті. Ал күз бен көктемде туындайтын тапшылықты болдырмау мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына тікелей байланысты. Осыны ескерген мәжіліс депутаттары мен ведомоство өкілдері Шымкенттегі «Петро Казақстан Ойл Продакс» компаниясында бас қосты.

Көшпелі отырыс

Қазақстан парламенті мәжілісі комитетінің көшпелі отырысында мұнай өнімдерінің бірнеше түрінің айналымы және өндірісті мемлекеттік реттеу мәселелері талқыланды.

Парламенттің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысына мәжіліс депутаттары, энергетика министрлігі, «Казэнерджи» қауымдастығы мен «ПетроҚазақстан Ойл Продакс» компаниясының мамандары қатысты. Мемлекет бүгінде жанар-жағармайдың өндірісі және сатуын қатаң қадағалауға алған.

Сондықтан депутаттар мұнай өнімдерінің бірқатар түрінің өндірісі мен айналымын реттеу жөнінде заңға түзетулер дайындауда. Заңның мақсаты – тұтынушылардың сапалы мұнай өнімдері, оның ішінде жанар-жағармай және дизель отынды пайдалануын қамтамассыз ету.

Жанармай бекеті

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында халық қалаулылары «ПетроҚазақстан Ойл Продакс» компаниясындағы мұнай өңдеу өндірісінен бастап жанар-жағармай сатылатын бекеттерде болды. Оңтүстікте сұйық отын қоры жеткілікті екеніне көз жеткізді.

Халық қалаулылары мұнай құю стансасын да назардан тыс қалдырмады. Мұндағы базаның сыйымдылығы – 40 мың тонна. Мұнай өнімдері базадағы үлкен ыдыстарға тұтас құбыр желісімен тікелей жеткізіледі. Жанар-жағармайдың сапасын «ПетроҚазақстан Ойл Продакс» компаниясындағы орталық зертхана бақылайды.

Энергетика және экология жөніндегі комитеттің көшпелі отырысына қатысушылар бұдан мұнай зауытының жанармай өндірісімен танысты. Депутаттардың назар аудараған келесі мәселе бензиннің бағасы болды. Мұнай өнімдеріне бағаның шарықтайтын кезеңі көктем және күз айлары екенін ескерген халық қалаулылары неліктен бұл жағдай жыл сайын көрініс табатынын анықтамақ.

Шынар Оразова