«Траффикке тосқауыл» рейді кезінде 3 жеңгетай ұсталды

462
Қолға түскен жеңгетай

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Траффикке тосқауыл» шарасы барысында притон және жеңгетайлықты ұйымдастыру бойынша 3 жайттың бетін ашты. 23-25 қараша күндері өткен рейдті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткізді. Мұндағы мақсат — адам саудасының алдын алу және еңбек пен жеңсікқұмарлық құлдығын анықтау.

екіқабат, жезөкшелікАталған шара барысында полицейлер жеңгетайлық жасау бойынша 3 жайттың бетін ашып, 20 жеңіл жүрісті әйелді ішкі істер органдары есебіне тіркеді.

Анықталған жеңгетайлардың бірі жеңіл жүрісті қызды интимдік қызмет көрсетуге шақырғаны үшін ұсталған бір сауна әкімшісі. Ол қыздан сыйақы ретінде 2 мың теңге алу кезінде құрықтады.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 309- бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында жеңгетайлық және притонды ұйымдастыру дәйегі бойынша 20 жайт тіркеліп, оның ішінде 18 жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Осы орайда полицейлер кімде-кім осындай қылмыстардың куәсі болса немесе құрбанына айналса, ОҚО ІІД-нің 98-00-56 сенім телефонына хабарласуыңызды ескертеді.