Оңтүстікте жыл үздіктері марапатталды

479
Жыл үздіктері
Жыл үздіктері облыс әкімімен естелік суретке түсті

Оңтүстік Қазақстан халқы 2015 жылды қорытындылады. Әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтар марапатталып, өңір басшысының қолынан «Жыл үздігі» номинациясын алды.

Осы орайда ұйымдастырылған салтанатты жиында жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдары 39 аталым бойынша марапатталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жыл үздіктері
Жыл үздіктері облыс әкімімен естелік суретке түсті

– Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс,- дейді облыс әкімі. – Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл – біздің елдігімізді көрсететін дүние. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы өз жолдауларында үнемі еңбектің мәртебесін көтеруге баса назар аударып отырады. Еңбек адамының беделін асқақтатуға, адал еңбектің нәтижесін көруіне аса зор мән береді.

Мерекелік шарада марапатталғандар:

Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі – облыстық орыс драма театры

Жылдың үздік композиторы – Райымқұл Темірбаевқа

Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы – «Темірлан» халық театры

Жылдың үздік әртісі – Ернұр Оспанов, «Оңтүстік-цирк» әртісі

Жылдың үздік әншісі – «Семсер» тобы

Жылдың үздік ақыны – Дәурен Айманбетов

Жылдың үздік жазушысы -Жеңіс Бахадүрғ

Жылдың үздік журналисті – Серікқали Жексенбаев

Жылдың үздік суретшісі – Баймен Байтухан

Жылдың үздік ғалымы – Аманкүл Ақбасова

Жылдың үздік мектебі – №1 қазақ-түрік ұлдар лицейі

Жылдың үздік колледжі – №6 колледжі

Жылдың үздік ұстазы – Жанар Бастарова

Жылдың үздік сынып жетекшісі – Айдос Байжанысов

Жылдың үздік тәлімгері – Гүлмира Нұрбекова, Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясының мұғалімі

Жылдың үздік тәрбиешісі – Шахида Юсвалиева, Сайрамдағы «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі

Жылдың үздік медицина мекемесі – облыстық клиникалық ауруханасы

Жылдың үздік дәрігері – Татьяна Зобонова, облыстық балалар ауруханасының дәрігер-нефрологы

Жылдың үздік санитарлық дәрігері – Клара Рүстемова, Шымкент қаласындағы Әл Фараби аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы

Жылдың үздік мейірбикесі – Жанар Сағымбаева, Ордабасы аудандық орталық аурухананың мейірбикесі

Жылдың үздік туристік ұйымы – «Жібек жолы» ұйымы

Жылдың үздік спорт мекемесі – ОҚО су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі

Жылдың үздік спортшысы – Жазира Жаппарқұл

Жылдың үздік жаттықтырушысы – Арман Қарсыбаев

Жылдың үздік құрылыс мекемесі – «Отау Строй» ЖШС

Жылдың үздік құрылысшысы – Ерғали Құлажанов

Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі – «Югдорстрой»ЖШС

Жылдың үздік жол құрылысшысы – Тәңірберген Сулейменов, «Корпорация Береке А» ЖШС бас инженері

Жылдың үздік энергетигі – Қамбарбек Әділбеков, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС жетекші инженері

Жылдың үздік коммуналды шаруашылық қызметкері – Нұрлан Құрбанбаев, «АсАрСтройСервис&К» ЖШС директорының орынбасары

Жылдың үздік ауылы – Түлкібас ауданының Керейіт ауылы

Жылдың үздік ауласы – Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауыл округі, Азаттық ауылы, Навои көшесінің №219 үйі

Жылдың үздік жолаушылар көлігі кәсіпорны – «Мейіржан моторс» ЖШС

Жылдың үздік жүргізушісі – Қанат Жұматаев, «Мұхтарәлі» ЖШС жүргізушісі

Жылдың үздік сәулетшісі – Андрей Тимофеев, «City Engineering» ЖШС бас сәулетшісі

Жылдың үздік жас сәулетшісі – Нұрлан Джарболов, «Сәулеттік бюро» бөлім басшысы;

Жылдың үздік архивисті – Сәбит Збайрадинов, Мақтаарал аудандық архивінің директоры

Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері – Қалдықыз Бегалиева, №2 психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесінің санитары

Жылдың үздік қамқоршысы – Нұрлан Жамбаев, Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.

Салтанатты жиын өнер ұжымдарының мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты.