Оңтүстіктің үздік кәсіпкерлері марапатталды

173
Жылдың үздік кәсіпкерлері

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі үздік кәсіпкерлерді марапаттады. Шымкенттегі «Риксос Хадиша» қонақ үйінде кәсіпкерлік саладағы жыл үздіктерін құттықтаудың салтанатты рәсімі өтіп, 39 азамат 13 аталым бойынша марапатталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жылдың үздік кәсіпкерлері

Сонымен, еңбегі еленіп, марапатталған азаматтар:

Жылдың үздік кәсіпкері – Қ.Молдасейітов, Ш.Әбдиев және Р.Сухов.

Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны – «Зерде Керамик» ЖШС, «HILL Corp» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС.

Жылдың үздік кәсіпкерлері

Жылдың үздік инновациялық жобасы – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен «Химфарм» ЖШС және «KARLSKRONA LC AB» ЖШС.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша жылдың үздік әкімдігі – Ордабасы, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласы.

Жылдың үздік кәсіпкерлері

Жиында сөз алған аймақ басшысы кәсіпкерліктің ел экономикасында орны ерекше екеніне тоқталып, өңірімізге алдағы бес жылдықта шетелдік және отандық инвесторларды тарту бойынша жұмыстардың жанданатынын, мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп, балабақшалар мен мектептердің, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы жүретінін жеткізді.
Айта кетейік, облыста шағын және орта кәсіппен айналысатын 186 мың кәсіпкер бар.

Жылдың үздік кәсіпкерлері