Сарыағашта екі білім беру нысаны ашылды

309
Балабақша

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Сарыағаш ауданының Ошақты ауылдық округіне қарасты Саттаров елдімекенінде 600 оқушыға шақталған №104 орта мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Жаңа білім ошағының ел игілігіне берілуі нәтижесінде аудандағы апатты мектептердің саны тағы біреуге азайды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп

 

Бұл білім мекемесінің ескі ғимараты апатты саналып, шәкірттердің білім алуына қауіп төндірген болатын. Іргетасы өткен жылдың маусым айынан бастап қалана бастаған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп республикалық бюджет есебінен бой көтерген.

Мектепте 150 орынды асхана, спорт залы мен 120 орынды акт залы, 35 оқу бөлмесі, 2 лингафон залы мен 2 информатика, 1 химия-биология, 1 физика, 2 мультимедия кабинеті бар. Оған қоса кітапхана, үлкен оқу залымен және еңбек сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сарыағаштағы балабақша

Бұған қоса мереке қарсаңында аудандағы Жылға ауылдық округіне қарасты Шеңгелді елдімекенінде мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында 120 орынды балабақша пайдалануға берілді.

Балабақша

 

Бүгінде аудандағы 192 балабақшада 20 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Оның 27-сі мемлекеттік болса, 133-і жекеменшік әріптестік негізінде құрылған. Бұған қоса 32 шағын орталық бар. «Балапан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Сарыағаштағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейі 80%-ды құрап отыр.