Келес өзенінің арнасы ауыстырылды

1737
Келес өзенінің арнасы ауыстырылды

Келес өзені суынан келер қауіп жоқ. Әсіресе, жағалауға жақын жайғасқан елдімекен тұрғындарының ұйқысы тыныш болады. Жергілікті әкімдік өзен арнасын бұруға бұйрық шығарыпты. Қазіргі таңда құрылыс компаниясы өзен арнасын өзге бағытқа бұру жұмыстарына кірісіп кеткен. Ол үшін облыс бюджетінен 46 млн теңге бөлінген.

Келес өзенінің арнасы ауыстырылды

Келес өзені жағалауына Сарыағаш ауданының ауылдары орналасқан. Солардың бірі – М.Горький ауылы. Өзен арнасынан бір шақырым қашықтықта жатқан елдімекенді енді су баспайды. Ауыл тұрғындары жыл сайын жағалауы жақындап қалған өзен суынан қауіптенетін. Егістік пен баспаналарды шаюға жақын қалған су арнасын әкімдік қызметкерлері өзге бағытқа бұрып, шұғыл шараны қолға алған.

Келес өзенінің арнасы ауыстырылды

Сондай-ақ, Бірлесу ауылындағы 80 үйдің алтауы Келес өзеніне жақын орналасқан. Құрылысшылар мұнда да өзеннің арнасын бұру жұмыстарын жүргізуде. Ұзындығы – 800, тереңдігі 11 метрді құрайтын тоған құрылысы былтыр басталған екен.

Келес өзенінің арнасы ауыстырылды

Ақтөбе ауылдық округіне қарасты 26 ауылдың басым бөлігі осы Келес өзенінің жағалауында орналасқан. Ауылдықтар арнасы бұрылып жатқан істі көріп, қуанып отыр. Тек өзеннің жағалауын бекіту жұмыстары жоспарға сәй, дер кезінде аяқталса деген тілектері бар.

Шынар Оразова