Су қымбаттады…

160
Бүгінде республика бойынша 153 ауыл ауызсусыз отыр. Ал елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз етуге бөлінген 200 миллиард теңге талан-таражға түскен

«Ауыз су» және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, тұрғындардың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі қай дәрежеде екендігін тексерген болатын

Шымкентте ауызсу құны қымбаттады. Енді тұрғындар өздері тұтынған бір текшеметр су үшін 68 теңге 9 тиын төлейді.

Бұл баға 1 шілдеден бастап мақұлданған. «Су арнасының» мамандары тіршілік нәрінің қымбаттауын ауыстырылған су құбырлары мен кәріз жүйелеріне кеткен шығынға байланысты деп отыр.

Ал бағаны қымбаттатуды мақұлдаған табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің мамандары «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесінің бұл ұсынысын бекітуде егжей-тегжейлі зерделеу жұмыстарын жүргізгендерін айтады.