ОҚО әкімі Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады

354
ОҚО әкімі Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін Шымкенттегі бірнеше нысанды аралады. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің құрылысымен танысты. Өңір басшысы жауаптыларға өндірістік кестеден кешіктірілуі мүмкін нысандарда жұмысты ширатуды, бастысы, сапаға көңіл бөлуді тапсырды.

Бозарық елдімекенінде салынып жатқан бұл білім ордасының құрылысы осыдан бір ай бұрын басталған. 900 орынды жаңа типтік мектептің бүгінде іргетасы тұрғызылып, металлқұрастырылымы жасалуда. Мұнда 80-ге жуық адам екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Мердігерлерлер мемлекеттік сатып алу конкурсының кешеуілдеуінен, құрылыс уақытында басталған жоқ дейді. Алайда, 2018 жылы пайдалануға берілетін ғимаратты жауаптылар өндірістік кестеден кешікпей тапсырамыз деп сендіреді.

ОҚО әкімі Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады

Құрылыс барысымен танысып шаққан өңір басшысы мердігерлерге сапасыз жұмысқа жол бермеуді тапсырды. Тиісті талаптарды сақтап, матариалдардың мықтылығына мән беру де ескертті.

Нұрсәт шағынауданында салынып жатқан 1200 орынды мектеп құрылысының да қарқыны жаман емес. Биыл желтоқсан айында тапсырылуы тиіс нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сай жүргізілуде дейді мамандар.

Бүгінде Шымкентте халық санының көбеюіне байланысты мектеп құрылысы да қарқын алған. Қазір шаһарда осындай 7 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның алтауы жыл аяғына дейін тапсырылады дейді жергілікті билік өкілдері.

ОҚО әкімі Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев жоспарланбаған нысандарда да болды. Шымкенттегі «Қазыбек» әмбебап базарын аралап, ондағы жұртышылықпен кездесті. Қаланың қақ ортасында орналасқан сауда нүктесі шаһардың шырайын қашыруда дейді билік өкілдері. Базарға келушілер көлік қозғалысына кері әсер етіп, келеңсіздіктер туғызуда. Сондықтан халық көп шоғырланатын мұндай сауда нысандарын қала сыртына шығару қажет. Шаһар басшысы жыл соңына дейін әмбебап базардың Бозарық елдімекенінде заманауи талапқа сай салынып жатқан сауда үйіне көшірілетінін айты.

Мақпал Рысбаева

Фото: Самат Мырзалиев