Арыста құзырлы орган өкілдерінің «Десант» тобы жүр

486
Арыста құзырлы орган өкілдерінің

Бір апта бойы Арыс ауданының тұрғындары барлық арыз-шағымын құқық қорғау органдарының арнайы құрылған жұмыс тобына жеткізе алады. Халықтың үнін жақыннан тыңдап, көкейіндегісін саралу мақсатында облыстық прокуратураның ұйытқы болуымен мекемеаралық «Десант» жұмыс тобы өз жұмысын бастады.

Бір апта бойы аудан тұрғындарына қызмет көрсететін топтың құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ішкі істер, қылмыстық атқару жүйесі және мемлекеттік қызмет органдарының мамандары бар.

Арыста құзырлы орган өкілдерінің "Десант" тобы жүр

Құқық қорғау органдары қызметінің сапасын көтеру, қылмысты процес қатысушыларының шағымын азайту. Прокурорлар қолға алған «Десант» мекемаралық жұмыс тобының мақсаттарының бірі де бірегейі – осы. Тәжірібелік көмек көрсету үшін келген жұмыс тобына ауылдағы ағайынның да айтары аз емес.

Азаматтардың мүддесіне қатысты қылмысты процесті оңтайландыру, және «Е – қылмыстық іс» жобалары. Қылмыстық поцесті модернизациялау сынды бастамаларды іске асырып жатқан прокурорлар Арыс ауданын текке таңдап алған жоқпыз дейді.

Айта өтейік, барлық құқық қорғау органдары өкілдерінің басын қосып, ауылдағы жұртты тыңдап, үніне құлақ асуды мақсат тұтқан топ Арыста алдағы апта бойы жұмыс істейді.

Жанар Есенбекова