«Баланың қолына ұялы телефон ұстату дұрыс емес»

417

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – облыстық оңалту орталығының директоры Фарида Сатайқызы.

   – Оңалту орталығының негізгі атқаратын жұмысы жөнінде айтып өтсеңіз…

    – Облыстық білім басқармасына қарасты оңалту орталығында 3 пен 7 жас аралығындағы ерекше оқытуды қажет ететін, тілінде кемістігі бар, құлағы нашар еститін, церебральды сал ауруы бар балалар оқытылады.

   – Мұндай балалармен жұмыс істеу оңай емес, әрине…

    – Орталығымызға келу үшін ең алдымен облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесіне барып кеңес алуы қажет. Баласы 3 жасында сөйлей алмайтын болса, онда шұғыл түрде қаралауы қажет. Онда консолиум болады. Түзету жұмыстарын қажет ететін болса олар жолдама береді. Орталығымыздағы психолог, педагог, логопедтің қызметі тегін. Ата-аналармен көп сөйлесеміз. Бала қай уақта еңбектей бастады, ең алғаш айтқан сөзі қандай соның бәрін білу маңызды. Екі жасқа келген бала әке, ана сөзін айтпайтын болса тез арада педиатрға қарату қажет.

     – Уақыт өткізіп алса не істеу керек?

   –  Бізде әлеуметтік педагог бар, ол ата-аналармен жұмыс істейді. Бала жақсы жетістікке жетуі үшін көп уақыт керек, ата-ана көп жұмыс істеуі керек баламен. Орталыққа келген балалардың барлығы да түзеліп, қоғамға кірігіп кетуі үшін барымызды саламыз. Көп ата-аналар баласы жыласа қолына тыныш отырсын деп ұялы телефон ұстатып қояды. Бұл дұрыс емес. Психологиялық тұрғыдан 11 минут барынша көңіл бөлу кемшін соғып жатады. Орталығымызда ата-аналар мектебі бар. Әр баланың тобына қарап аналарымен жеке жұмыс істейміз. Ата-аналар мектебінде кеңес береміз, баяндамалар оқимыз. Сұрақтарына жауап алады. Бір оқиғаны айтып өтсем, церебралды сал ауруына шалдыққан баласы бар әйелді күйеуі тастап кеткен. Ауру баласымен бар аурыртпашылық анасына түседі. Бұл мәселеге «Нұр Отан» партиясы араласты. Кезектен тыс орталығымызға келіп, ем алды. Біраз уақыттан кейін емнің әсерінен бала жүре бастады. Қазір орта мектепте оқып жүр. Бала түзелгеннен кейін әкесі қайтып оралды. Бүгінде толықққанды отбасы, ел қатарлы тұрып жатыр… Жас аналар бойына бала біткен соң денсаулығына көп көңіл бөлуі керек. Дүниеге он екі мүшесі сау бала әкелу үшін 80 пайыз анасының денсаулығына байланысты. Уақытында дәрігерге қаралып, дәрумен қабылдауы қажет.