Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

648
Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 10 айдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 526 мың шаршы метрді (5246 пәтер) құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға артып отыр. Ал Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлік 5 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді.

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында облыста құрылысы жоспарланған 231 нысанның жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру межеленген. Ал жыл басынан 1 қарашаға дейін 61 нысан пайдалануға тапсырылды. Қалған 54 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 201 үй салынуда.

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

– Айта кетерлігі, Шымкентке жалпы құны 22,5 млрд теңгеге 46 үй салынуда. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталығында – 32, арендалық – 16, несиелік 16 үй салынуда. Бұдан бөлек «Шымкент сити» шағынауданында жалпы саны 14 үйдің құрылысы жүргізіліп келеді, – деді Әбілсейіт Рабаев.

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ақылбек Қоспановтың айтуынша, осы банк жүйесі бойынша биыл өңірде 982 пәтер пайдалануға беріледі. Ал 2018 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында облыс орталығы Шымкент қаласында 2500-ге жуық пәтер салу жоспарланған.

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

– ІІІ класты ол баспананың бір шаршы метрі 140 000 теңгені құрайтын болады. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша 57 мыңға жуық салымшымыз бар. Олар жинаған сома 27 млрд теңгеден асады. Ал баспананы алудың тәртібіне тоқтала кетсек, конкурстан өткен салымшы үйдің жалпы құнының 30 пайызын жинақтау керек. Қалған 70 пайызын банк 5 пайыздық мөлшермен 6-15 жылға дейін несиеге беретін болады, – деді Ақылбек Қоспанов.

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

Бұған қоса «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру барысында пайыздық үстемелер 5 пайыздан да төмендеп отыр.

Оңтүстікте жыл басынан бері 526 мың шаршы метр үй берілген

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі