Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі ашылды

519
Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent – 2017 ауыл шаруашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласында экономиканың жаңа драйверіне айналып келетінін жеткізді.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

– Бұл – мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың тынымсыз еңбегінің жемісі. Облыстың егін шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану жұмысы қарқынды түрде дамып келеді. Мысалы, бүгінгі таңға облысымызды 2,8 мың га қарқынды бау бар, олардың өнімділігі 29,0 мың га басқа бауға қарағанда 1,5-2 есеге артық. Сонымен қатар, облыста 5 мың шаруашылыққа тиесілі 1,3 мың гектардан астам жылыжай бар, оның ішінде 17-сі – автоматтандырылған өндірістік жылыжай. Сонымен қатар сүт бағытында жаңа технологияларды қолдану белсенді түрде жүргізілуде. Заманауи қондырғылардың көмегімен әр сиырдан жылына 7 мың литрге дейін сүт алынады. Ал сандық технологияны қолданудың нәтижесінде құс етін өндіру 5 есеге дейін артады, – деді аймақ басшысы.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

Бүгінгі көрмеде Қазақстаннан бөлек Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

Халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шетелдердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетін болады.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

Айта кетейік, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған.

Шымкентте халықаралық AgriTek Shymkent - 2017 көрмесі ашылды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі