Жаңаша білім беру балабақшадан басталады

453
Жаңа білім беру форматы балабақшадан басталуы шарт. Өңірде Үш тілді үйрететін балабақшалар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Солардың бірі Мақтарал ауданында орналасқан. Бал тілді балалардың ағылшынша сөйлегені сүйсіндірді. Шет тілін үйренуге балалардың құлшынысы зор дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбдіжаппарова. Себебі шет тілін меңгерту әдісі өзге сабақтарды оқытуға ұқсамайды. Мұнда жаңашылдық басым. Сабақта аудио, видеожазбалары қолданылады. Шетелде білім алып келген жас маман бүлдіршіндердің сабаққа ынтасын ашу үшін барын салуда. шум Ағылшын пәнінен білген-түйгендерін балалар тәрбие сағаттарында да бір-бірімен жарыса көрсетеді. Алдымен қазақша, сосын орысша, соңынан ағылшынша тақылдай тақпақ айтып қорытады. Осылайша кей ересектер шет тілге шекесінен қарап жүргенде балаң буын үш тілді үйренуге кірісіп кеткен бүгінде. Балабақша тәрбиеленушілері ағылшынша санап, тіпті түстердің баламасын да біледі. Алайда Мақтарал ауданында әзірге үш тілді оқытатын жалғыз балабақша бар. Білім саласы өкілдерінің сөзіне сенсек, өңірде соңғы 2 жылда үш тілді тәрбе беруге көшкен балабақшалар саны артып келеді. Мектеп жанына ашылған 350 шағын орталық қазір осынау жүйеде жұмыс жасайды. Онда 21 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Жаңа білім беру форматы балабақшадан басталуы шарт. Оңтүстікте үш тілді үйрететін балабақшалар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Солардың бірі Мақтаарал ауданында орналасқан.

Бала тілді балалардың ағылшынша сөйлегені сүйсіндірді. Шет тілін үйренуге балалардың құлшынысы зор дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбдіжаппарова. Себебі шет тілін меңгерту әдісі өзге сабақтарды оқытуға ұқсамайды. Мұнда жаңашылдық басым. Сабақта аудио, видеожазбалар қолданылады. Шетелде білім алып келген жас маман бүлдіршіндердің сабаққа ынтасын ашу үшін барын салуда.

Ағылшын пәнінен білген-түйгендерін балалар тәрбие сағаттарында да бір-бірімен жарыса көрсетеді. Алдымен қазақша, сосын орысша, соңынан ағылшынша тақылдай тақпақ айтады.

Осылайша кей ересектер шет тілге шекесінен қарап жүргенде балаң буын үш тілді үйренуге кірісіп кеткен. Балабақша тәрбиеленушілері ағылшынша санап, тіпті түстердің баламасын да біледі. Дегенмен, Мақтаарал ауданында әзірге үш тілді оқытатын жалғыз балабақша бар.

Білім саласы өкілдерінің сөзіне сенсек, өңірде соңғы 2 жылда үш тілді тәрбе беруге көшкен балабақшалар саны артып келеді. Мектеп жанына ашылған 350 шағын орталық қазір осынау жүйеде жұмыс жасайды. Онда 21 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Мақпал Рысбаева