Үздіктер марапатталды

804
Оңтүстікте жыл үздіктері мапаратталды

Облыстық мәдениет және руханият, білім, денсаулық сақтау, туризм, спорт, құрылыс, энергетика, көлік, сәулет, әлеуметтік салаларының дамуына үлес қосқан үздіктер белгілі болды. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 75 адам марапатталды. Оның 39-ы «Жылдың үздік номинация» иегері атанды. Үздіктерге құрмет көрсеткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстың «Құрметті азаматтарына» медаль тақты.

 

Салтанатты шара мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімімен бастауын алды. Алғашқы марапат 2 дәрежелі «Достық» ордені «Отырар» медиахолдингінің басшысы Валентина Куликоваға табыс етілді.

«Құрмет» ордені» «Иассы» консорциуымының төрағасы Үмбет Жүсіпбаевқа табыс етілді. Облыстың Құрметті азаматы атағына Досым Сүлеев, Аслы Осман, Сеіркжан Сейітжанов, Өмірзақ Мелдеханов, Орынбай Дайырбеков лайықты деп танылды. Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі болып облыстық тарихи – мәдени-этнографиялық орталығы танылды. Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны «Азала Текстиль» серіктестігі. 2017 жылдың үздік инновациялық жобасы «Бөрте Милка» серіктестігі болып танылды.

Ал биылғы «Үздік ауыл» аталымын Шолаққорған ауылы жеңіп алды. Жылдың үздік коммуналдық шаруашылығы қызметкері атағына мақтаралдық Жабай Шындалиев лайықты
деп танылды.

Қазақстандағы «100 жаңа есім иегерлері» қатарында қазығұрттық Сырым Ертаев, түркістандық Бекарыс Шойбеков, Шымкент қаласынан Құралбай Орынбасар мен Әсел Далиевалар бар. Ал теріскейлік Дулат Тұрантегі үздік жазушы мәртебесіне ие болды. Жылдың үздік суретшісі болып Нұрлан Шилібаев танылды. Ал үздік журналист номинациясы Ерсұлтан Әмірбек, «Нар» телеарнаның директоры жеңіп алды. Төлебилік Қуаныш Сәлібеков – ең үздік сынып жетекші ретінде марапатталды.

Үздіктер құрметке бөленген күні ешкім елеусіз қалмады. Еткен еңбектері бағаланғандардың мерейі үстем болды. Жиналғандар тың номинациялардың тым көбейіп кеткенін байқады. Десе де үлкен басшыдан бастап, қарапайым жұмысшыға дейін Үздіктер қатарынан көрінгені қуантты. Жылды жоғары жетістікпен аяқтаған өңір, келер жылдағы жоспарын бекітіп, түрлі сала мамандарына сәттілік тіледі.