Арыс қаласында спорт залы ашылды

516
Арыс қаласында спорт залы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елдімекенінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне орай жаңа спорт залдың ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз алған қала әкімі Мұрат Қадырбек негізгі мақсат өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау екенін атап өтті.

Арыс қаласында спорт залы ашылды

– Ашылып отырған спорт залынан жерлестеріміз сияқты ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, 2 мәрте әлем чемпионатының және 2016 жылғы Рио де Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, сондай-ақ, еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Жұмабек Нұрсұлтан мен Бұрхан Мадияр сынды спортшыларымыз шығатынына сенімдімін. Сонымен қатар бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері Қалаубек Олжас, ауыр атлетикадан еліміздің чемпионы Мәуленқұлова Диана сияқты еліміздің  мақтанышы болатын спортшылар шыға беруіне тілектеспін!, – деді Мұрат Болатұлы.

Арыс қаласында спорт залы ашылды

Сондай-ақ, аталған өңірде Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында  Байырқұм-Көкжиде жолы халық игілігіне берілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі