Ордабасы ауданында жаңа спорт кешені бой көтерді

232
Ордабасы ауданында спорт кешені ашылды

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша облысымыздың әр ауданында спорт кешендері бой көтеруде. Бұл жолы Ордабасы ауданының спортшыларына мереке алдында үлкен сый жасалынды. Спорт залына қатысты проблема шешілді. Күн суытқалы сары уайымға салынған бапкерлердің де қуанышында шек жоқ. Өйткені, далада емес, жаңа ғимараттың ішінде темірландықтар спортпен шұғылдануға мүмкіндік алып отыр.

Темірландағы спорт ордасының кілтін құрылысқа жауапты азаматтар стадионның басшылығына тапсырып, чемпиондарды тәрбиелеуде тілектес екенін жасырмады. Күш атасы Қажымұқан атындағы спорт ордасының құрылысына облыс бюджетінен 95 миллионнан астам теңге бөлініп, бес айдың ішінде ғимарат бой көтерген. Жаңа спорт кешенінде баскетбол, волейбол, шағын футболмен шұғылдануға мүмкіндік бар. Сондай ақ, арнайы жаттығу бөлмесі де қарастырылыпты.

Спорт кешенінің есігі ашыла салысымен-ақ ,ауыл жастары қолдарына добын алып, баскетбол ойнай жөнелді. Сондай ақ, бұл залда қазақша күрестің кілемі де төселіп, Қажымұқанның ізбасарлары белдесетін болады. Облыстық спорт басқармасы темірландықтар жаңа кілем сыйға тартты.

Болат Қырықбаев, ОҚО туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы: «Ордабасы ауданының спортшылары ел намысын халықаралық жарыстарда қорғай білетініне сенім білдіремін. Осыған дейін де бір қатар чемпиондарды тәрбиелеп те шығарған. Ал жаңа ғимарттың ашылуына сый ретінде басқарманың атынан қазақша күрестен спорттық кілем тарту етеміз. Бұдан былай да чемпиондар да көп бола берсін.»