Мақтааралда дүркіреген көкпар өтті

914
Мақтааралда дүркіреген көкпар өтті

Мақтаарал аудандық Қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында көкпар өтті. Жалпы, ұлт көшбасшысының сындарлы саясатын жүзеге асыру, ұлттық спорт түрлерін дамыту жолында Мақтаарал ауданында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы уақытта ат спорты, тоғызқұмалақ, қазақ күресі тұрғындар арасында кең насихатталып келеді.

Мақтааралда дүркіреген көкпар өтті

«Достық көкпары» деген атаумен алғаш рет ұйымдастырылған ұлттық ойынға елуден астам шабандоз қатысты. Ұлттық құндылықтарды насихаттау әрі жастар арасында достықты нығайту мақсатында өткен шараның ашылу салтанатында Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, аудандық мәслихаттың хатшысы М.Жайлымшиев, облыс әкімі аппараты қоғамдық келісім мекемесі басшысының орынбасары З.Үсіпахметов, облыстық тәжік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Ж.Сұлтанов сөз сөйлеп, шабандоздарға сәттілік тіледі.

Тұңғыш рет жалауы көтерілген бұл командалық жарыста 4 топ сынға түсті. Олар – республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Ынтымақ», «Бірлік», «Достық» және «Байшұбар» командалары. Қайсар рухты ойыншылар көкпар десе делебесі қозатын көрерменге тартысты ойын сыйлады.

Мақтааралда дүркіреген көкпар өтті

Сонымен қатар көреремендер арасында қошқар көтеруден сайыс өтті. 30 келілік қошқарды 107 рет көтерген Төлентай Жақсылық өз табандылығымен көзге түсті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан диплом және қаржылай сыйақы табыс етілді .Сонымен қатар ойын барысында ептілігімен көзге түскен шабандоздар мен сәйгүліктерге арнайы номинациялар табысталды.

Мақтааралда дүркіреген көкпар өтті

Сонымен, тартысты ойын нәтижесінде республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Ынтымақ» командасы бас жүлдеге, «Достық» командасы 2-орынға және «Байшұбар» командасы 3-орынға ие болды.