ОҚО-да ұрылар аңқау ұрыға өзгенің малын сатып жіберген

383

Мал ұрлығымен айналысқан қылмысты топ құрықталды. Ұрланған малдарды полицейлер ОҚО-ның 25 жастағы тұрғынының үйінен тапқан. Негізінде ұрлықы малдарды ұрылар өзге «әріптестеріне» сатып жіберген. Тәртіп сақшылары 10 жылқыны заңды иесіне қайтарды, қалғандарын күдіктілер сатып үлгерген, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырыпты.

ОҚО полицейлері Төлеби ауданының жергілікті тұрғындарының малдарын жайылымнан ұрлап кеткен қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ ОҚО-ның 6 тұрғынынан құралған, екеуі алдын сотты болған, жайылымда адамдардың жоқтығын пайдаланып малды ұрлап отырған.

Ағымдағы жылдың қазан айында Төлеби АІІБ-нің кезекші бөліміне 1957 жылы туылған жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлғалар жайылымнан 15 бастан тұратын бір үйір жылқысын ұрлап кеткен, құны шамамен 4 миллион теңге болып отыр. Аталған жайт бойынша СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК 188 «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары анықтағанындай ұсталғандардың мал ұрлығының 10 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 10 миллион тенгені құрап отыр. Тәртіп сақшылары күдіктілердің Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің аумағында іздеуде жүрген «Ваз» автокөлігімен қылмысты жасағанын анықтады.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары «ұрлық» бабымен жүргізілуде. Айғақты заттар тәркіленді. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.