Шымкентте қауіпсіздік топтары қала тұрғындармен кездесуде

264
Шымкентте қауіпсіздік топтары қала тұрғындармен кездесуде

Шымкентте қауіпсіздік бойынша құрылған арнайы топ мүшелері қала тұрғындармен кездесулер өткізуде. Қаладағы 4 аудан әкімдіктерінің басшылары төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірге үйлер мен көшелердің, орамдардың басқарушыларымен газ қауіпсіздігі бойынша жиналыс ұйымдастырды.

Айта кетейік, қалада соңғы уақытта қалада иіс газына қатысты қайғылы жағдайлар тіркелір, төрт күнде 7 адам, оның ішінде 4 бала иістен уланып қайтыс болған еді. Осыған орай күні кеше қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік мәселелері бойынша жедел кеңес өтіп, арнайы мобильді топ құрылды.

Шымкентте қауіпсіздік топтары қала тұрғындармен кездесуде

Енді осы топ мүшелері халықпен кездесу барысында тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалау, апатты жайттардың алдын алу жайын түсіндіруді бастап кетті. Жиын барысында анықталғаны, соңғы уақытта аймақта техникалық қызмет көрсетушілер мен мұржа тазартып берушілер саны артқан. Олардың қызмет құны 800-ден 2500 теңгеге дейін болады.

Дегенмен, мамандар газ құбырын тексере бермейді екен. Сондықтан, тұрғындарға тек көрсетілген қызмет үшін ғана ақы төлеу қажеттігі айтылды. Ал қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарайтын компания басшыларына жергілікті әкімдік тарапынан ескертулер жасалды. «Кім газ пештері мен мұржаларды тексеру актісіне қол қойса, сол адам жауапты болады. Тіпті адам өліміне алып келген апатты жағдайда қылмысты іс қозғалатынын еске саламыз» делінген ескертпеде.