Шымкентте тағы бір балалар алаңшасы ашылды

622
Шымкентте тағы бір балалар алаңшасы ашылды

Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тағы бір балалар алаңшасы қолданысқа берілді. Бұл жолғы қуаныш иелері – Нұрсәт шағынауданындағы №1 үйдің балғындары. Олардың қуанышына ортақтасуға Қаратау ауданының әкімі арнайы келді. Алаңша аула балалары үшін ұзақ қызмет етуіне тілегін білдірді.

Бюджет қаржысына салынған ойын алаңшасында ойнау үшін көктемді күтудің қажет жоқ. Бұл жаңа алаңшада асыр сала ойнаған балдырғандардың тілегі. Нұрсәттегі №1 үйдің балалары жаңа алаңшаның ойын элементерін бірден сынақтан өткізді. Мердігерлер алаңшаға 14 түрлі ойын элементін орнатыпты. Бүгінгі жаңалыққа балалардан бұрын ата-аналар қуанышты. Енді перзенттерінің ойнайтын орны бар.

Шымкентте тағы бір балалар алаңшасы ашылды

Ойын элементерінен бөлек мұнда орындықтар мен қоқыс құтылары да орнатылған. Осы алаңшаны салу үшін бюджеттің 98 млн теңгесі жұмсалыпты. Аудан әкімдігі осы шағынаудандағы аулаларға әлі 12 алаңша салуды жоспарлап отыр.

Шымкентте тағы бір балалар алаңшасы ашылды

Қолданысқа берілген ойын алаңшасын күтіп ұстау үш жыл бойы мердігерге жүктелген, келісім солай. Кейін аудан әкімдігінің балансына өткізіледі. Тек сол алаңшалардың балалар үшін қаншалықты ұзақ қызмет көрсететіні бірінші кезекте тұрғындардың өздеріне байланысты. Себебі қазірдың өзінде бір ойын элементі қолды болыпты.

Нұрлан Күдерұлы