Тәуелсіздік күні қарсаңында Мақтааралда 3 жаңа нысан пайдалануға берілді

478
Тәуелсіздік күні қарсаңында Мақтааралда 3 жаңа нысан пайдалануға берілді

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында жаңа салынған 3 нысан ел игілігіне берілді. Олардың қатарында Ж.Ералиев ауыл округіндегі дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Жаңа ауыл және А.Қалыбеков ауыл округтеріндегі фельдшерлік-акушерлік пунктер бар. Аудан басшысы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған заманауи нысандар алдағы уақытта тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетететін айтты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мақтааралда 3 жаңа нысан пайдалануға берілді

– Халықтың денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы. Өйткені, дені сау адам әрқашан еңбекке жарамды болып, мемлекеттің дамуына үлесқ қосады. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың да келешегі, көркеюі азаматтарымыздың денсаулығының жақсы болуында, – деді Ғалымжан Исмаилов.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мақтааралда 3 жаңа нысан пайдалануға берілді

Ж.Ералиев ауыл округіне қарасты Арай елдімекенінде орналасқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысына 234 миллион теңге жұмсалған. Жаңа ауыл елдімекеніндегі фельдшерлік акушерлік пунктке 70 миллион теңге бағытталса, А.Қалыбеков ауыл округіне қарасты Абат елдімекеніндегі фельдшерлік акушерлік пунктке 65 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мақтааралда 3 жаңа нысан пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мақтааралда 3 жаңа нысан пайдалануға берілді

Айта кетерлігі, медициналық нысандарда фельдшердік және акушерлік кабинет, екпе және түберкулезді емдеу бөлмелері бар. Ем-домдық кабинеттер толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Ондағы білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына қажетті медициналық көмек көрсететін болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі