«Зейнетақы қорындағы ақшасын толық алуға кімдер құқылы?»

577

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы ОҚО филалының бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев.

– Елімізде зейнетақы қалай мөлшерленіп, қалай үлестіріледі?

– Қазіргі таңда зейнетақы барлық әлеуметтік топтарды қамтиды. Осыған орай өзгерістер туралы көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бүгінгі таңда бірыңғай жинақтаушы қоры ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Мамандарымыз әр кәсіпорындарға барып презентация жасайды, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар тарапынан да көптеген сауалдар жолданып жатады, өздерінің түсінбеген сұрақтарын қойып, жауабын ала алады. Әсіресе әйел азаматшалардың жасы ұлғайтылуына байланысты туындайтын сауалдар көп. Сондықтан да мамандарымыз тұрғындармен ұдайы насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Оның үстіне қандай да бір сұрақ мазаласа орталығымызға келіп, қызметкерлерімізге жолықса болады.

– Елімізде ең төменгі және ең жоғарғы зейнетақы мөлшері қанша?

– Барлықтарыңызға белгілі заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 31 мың 242 теңгені құрайды. Ал жоғары зейнетақы ол орталықтан тағайындалады, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарты жыл және одан да жоғары еңбек өтілі есептеледі және соңғы үш жылғы табысының көлеміне байланысты зейнетақы тағайындалатын болады.

– Базалық зейнетақыға байланысты өзгерістер туралы айтып өтсеңіз…

– 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлеу тәртібі өзгеретін болады. Қазіргі таңда барлық азаматтарға базалық зейнетақы 14 466 теңге төленетін болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы ол ең төменгі күнкөріс деңгейі болып есептелінеді, соның 54 пайызын 10 жылға дейін еңбек өтілі бар немесе мүлдем еңбек өтілі жоқ азаматтарға төленеді. Ал қалған 100 пайыз алу үшін өзінің еңбек өтілін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек кітапшасы арқылы дәлелдеп, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі зейнетақы жинақтаушы қорына төленіп жатқан жарналар есебінен еңбек өтілін дәлелдеу арқылы әрбір жылға 2 пайызға қосылып отырады, жаңағы 54 пайыздың үстіне әрбір жыл еңбек өтіліне 2 пайыздан қосылып 100 пайызға дейін алуға мүмкіндігі бар. 33 жылдан жоғары еңбек өтілі бар азаматтар базалық зейнетақыны толық алуға мүмкіндігі болады келер жылдан бастап.

– 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы ұлғаяды деген ұсыныс айтылған болатын. Осы жөнінде толығырақ айтып өтсеңіз …

– Бұл заң нормасына 2013 жылы өзгерістер енгізілген болатын. Ол 2014 жылдың күшіне енуі тиіс болатын. Алайда Елбасымыз Н. Назарбаев 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырды. Келер жылдан бастап әйел азаматтар үшін бірқатар өзгерістер болады. Яғни, 2018 жылдан бастап әйел азаматтардың жасы жарты жылдан ұлғайып отырады. Сөйтіп 2027 жылға дейін 10 жыл көлемінде әйелдер 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығатын болады.

– Кімдер зейнетақыны біржолата ала алады?

– Зейнетақы қорындағы ақшасын біржолата алуға биылғы шыққан азаматтарымыз бізге өтініш беретін болса жиналған сомасына байланысты алады. Бірінші, екінші топтағы мүгедек азаматтар егер де мүгедектігі мерзімсіз болса онда олар да өтініш тапсырып зейнетақы қорындағы ақшасын алуға мүмкіндіг бар.