Жоғалған мал иесіне қайтарылды

297
Ұрылар көбінесе асыл тұқымды жылқыны жымқырып келген

Бәйдібек ауданының тәртіп сақшылары жоғалған малды иесіне қайтарды. Полицейлер соңғы аптада бірнеше мал ұрлығын ашты. Атап айтсақ, кезекші бөлімге жергілікті тұрғын арызданып келіп, жайылымда жүрген 39 жылқысының 31-і жоғалып кеткенін айтқан.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлер малдың жайылымыннан алыс жерде жайылып жүргенін анықтап, иесіне қайтарды. Ал тұрғындар полицейлерге алғыстарын білдірді.

Осы орайда тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына жайылым мен қорадағы малына ие болуын сұрайды. Мүмкіндігінше жайылымға жібергенде арнайы малшы жалдап, үй жануарларына таңба мен ен салып, мал қораларды бекітуін ескертеді. Бұл алдын алу шараларының барлығы да малдың түгендігі үшін керек. Ал полицейлер мал ұрлығы болғанда жедел әрекет етіп, ұрыларды ұстап, малды заңды иелеріне қайтаруға көмегін тигізеді.

Егер сіз мал ұрлығының құрбаны болсаңыз, тез арада ішкі істер органдарының 102 телефонына хабарласуыңыз керек.