Үнді трикотаждары тәркіленді (бейне)

299
кедендік бақылау

ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері контрабандалық тауарларды тәркіледі. Үндістаннан әкелінген заттарды сауда-саттықпен айналысушы кәсіпкер шекарадан айласын асырып, өткізбек болғаны анықталды.

Бұл тауарлар Үндістан елінен әкелінген. Кеден одағының аумағына заңсыз түрде аса ірі мөлшерде тасымалданған контрабандалық тауарлар «Шымкент кедендік рәсімдеу» бекетінде тәркіленіпті. Мұндай заңсыздыққа барып, тәуекелге бел байлаған Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты. Сауда-саттықпен айналысушы кәсіпкер айласын асыра алмай, қолға түсті.

Ұсталған азаматтың автокөлігіне тексеру жүргізу барысында, тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілмеген жалпы салмағы 10 696, 95 кг. трикотаж өнімдері анықталып, жүктің кедендік құны 29 млн. 632 мың 607 теңгені құраған.

Бұл іс бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ал тәркіленген ірі көлемдегі тауарлар аукцион арқылы саудаға қойылып, одан түскен қаржы мемлекет қазынасына жұмсалатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W6kWD0zrGyY[/youtube]