Әлеуметтік дүкенге келіңіз

Күнделікті тұтынатын азық -түлік тауарларына баға шарықтаған тұста әлеуметтік дүкендер мен дүңгіршектердің ашылғанына тұрғындар әлі күнге дейін ризалығын білдіруде.
Зейнеткерлер де бағалардың мұнда өзге сауда орындарымен салыстырғанда біршама арзан екендігін айтып, керекті сүт өнімдерін осы жерден сатып алуда. Сапасы да көңіл көншітерлік, -дейді олар.

Тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында ашылған дүкендердің жұмысы  «Атамекен» корпорациясы басшылығының қадағалауында. Ал қала әкімдігіндегілер мұндағы бағаларға тек мониторинг жүргізеді.

Бұл дүңгіршектерде тек сүт өнімдерін сатуға рұқсат берілген. Бірақ мұнда шұлық та, базардан сатып алынған өнімдер де саудалануда. Әлеуметтік дүкендердің қажеттілігін сөзсіз қодайтын жерлестеріміз ондағы өнімдердің ассортиментін арттырса. Сондай-ақ, сүт өнімдері үздіксіз болса дейді

«Атамекен» корпорациясы сүт өнімдерін бүгіннен бастап толық қамтамасыз етеміз деп уәде берді. Тағы бір көңіл бөлетін жәйт, барлық өнімдер мен тауарлардың бағасы жазулы тұрса. Әзірге бұл ретте кемшілік көп.