«Мадейра» фитнес клубының 1 жылдық мерейтойы (PR)

Салауатты өмір- сауаттылықтың белгісі. Қала тұрғындарына өз қызметтерін ұсынып жүрген Мадейра фитнес клубы 1 жасқа толды. Заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті кешеннің думанды кеші де ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш. Жылы лебіздер мен Сұлулыққа құштар жандар. Мадейра фитнес клубының 1 жылдық мерейтойын құттықтай келген азаматтардың арасында өңіріміздің белді мүшелері де бар. Демалыс- жалқаулық емес, жан еңбегі деп білетін қала тұрғындары мадейраның қызметіне дән риза.

Бұл кешенде түрік және финдік сауналар жұмыс істейді. Сонымен қатар, пилинг, релакс, уқалау қызметтері де көрсетіледі. Жаттығу залы заманауи үлгідегі жаңа құрылғылармен жабдықталған. Кәсіби мамандар мен пайдалы кеңестердің орталығына айналған бұл клубты Роза Әлішерқызы басқарады.

Кешеннің туылған күніндегі кеш барысында қонақтар үлкен хауыз жағасына жайылған дастарханнан дәм татып, су гимнасттары би билеп, өнер жұлдыздары әсем әннен тарту жасады. Келген жанның ешқайсысы да сыйлықсыз қайтпаған бұл думан отшашуларға ұласты.

(PR) – жарнама материалы