Қант диабеті – қатерлі дерт

379

Бүгін дәрігерлер темір жол вокзалында жолға шыққан азаматтардың қан құрамындағы қант мөлшерін тексерді. Бұл бүгінгі Дүниежүзілік диабетке қарсы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қант диабеті өзінің асқынуымен қатерлі.

Сондықтан да қандағы қант мөлшерін үнемі бақылап, оның көрсеткішін қалыпты ұстау маңызды. Бұл іс-шараны салауатты өмірді салт еткен облыстық орталық пен эндокринологиялық диспансері ұйымдастырды. Бұл шараға жолаушылар да белсенді қатысып, нәтижесін сол мезетте алып жатты. Диабеттің алдын алу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру керек дейді дәрігерлер.

Тамақты артық жемеу, көкөністер мен жемістерді көбірек қолдану, шылымшегуден, алкогольден, есірткіден бас тарту, денешынықтырумен шұғылдану, стерсстерді болдырмауғ тырысу қатерлі дерттің алдын алады.

Сонымен қатар, жыл сайын профилактиклық тексеруден өтуді және қандағы қанттың деңгейін тексеріп отыру керек.

Қантты диабеттің алдын алудың ең тиімді жолы- дұрыс тамақтану, спорт және ақылмен жоспарланған күн тәртібі болмақ