Ойын басынан-ақ Ордабасылықтардың шабуылы сәтсіз аяқталып жатты. Жоспарды орындай білген командаға не болды екен деп жанкүйерлер түсінбей дал. Ал доп қуалаған қос команданың ойыншылары да қақпаға доп соға алмай әлек. Ойынның 36-шы минутында гол соғылды. Талдықорғандықтар алға шықты. Айып соққыдан бағытталған доп Нестеренконың қақпасына кірді. Таимда есепті теңестіру шымкенттіктерге бұйрмапты. Ордабасылықтардың шабуылы нәтижесіз болып, жанкүйерлердің үміті ақталмады.
«Ойын жоқ. Футболға не үшін келетінімізді түсінбеймін»-деп өкпесін жасырмады жанкүйерлер-«Екінші таимда гол соғылатынына сенеміз. Екі гол соғылуы керек.»- деп те үмітін жерлестеріміз матч соңына дейін жоғалтпады.
Екінші таим басталды, Ордабасының бас бапкері Виктор Пасулько команданың құрамында өзгеріс енгізді. Алаңға Фархадбек Ирисметовтың орнына Талғат Адырбеков шықты. Алайда ойын өрнегі өзгере қоймады. Қайрат Әшірбековты да Азат Нұрғалиев ауыстырды.
Бабатунда Коллинстің белсенділігі гол болар деген үміт ұялатты. Гол соғылды. Бұл жолы Мұхтар Мұхтаров есепті теңестірді.
Енді екінші голды соғып команданы алға шығару қажет болатын. Қақпаға доп соғылды, алайда қайта шымкенттіктердің қақпасына. Бас бапкердің кеңестері де ойынның нәтижесін өзгерте алмады. 2-1. Талдықорғандықтар турнирлік кестеде көш бастап келеді, ал шымкенттіктер енді астананың жасыл алаңында үш ұпайға таласады.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LTcuYRi8AvM[/youtube]