Шымкентте «Отаным жүрегімде» атты патриоттық бейне клиптер жарысы өтуде

бейнеклиптер байқауы

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, 2011 жылдың қазан айында Алматы қаласында қорытындыланады.

Байқаудың мақсаты әрбір Қазақстан азаматының Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, қазақ халқының тарихы,мәдениеті, салт-дәстүрі туралы тағлымы мол мәліметтер беру арқылы көрермендердің патриоттық, отансүйгіштік сезімін ояту, әдептілікке үйрететін тәрбиелік мәні бар, сапалы бейнеклиптерді насихаттау.

Байқаудың шарттары мен талаптары. Бейнеклиптер патриоттық тақырыпта және сапасы жоғары болу қажет.Бейнеклип мемлекеттік тілде (қазақша)және ұларалық қарым-қатынас тілінде (орысша) қабылданады. Бейнеклиптер алдын-ала ұйымдастыру алқасына жіберілуі тиіс. Өткен жылғы өткізілген «Отаным жүрегімде» республикалық бейне клиптердің байқауына қатысқан және өзге республикаларда бейнеклиптер қабылданбайды. Ал қатысушы үміткерлердің жасына шек қойылмайды.

Сонымен бірге байқауға қатысатын жұмыстарды білікті, кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы сарапқа салады. Қазылар алқасы патриоттық тақырыпта түсірілген жұмыстардың сапасына, шығарманың мәтініне, оның жоғары деңгейде орындалу шеберлігіне баса назар аударылады. Сараптаудан өткен жұмыстар байқауға қатысуға шақырылады. Ал байқаудың жүлделері: бас жүлде-300 000 тг, 1-орын -250 000 тг, 3-орын – 100 000 тг сыйақы алады