«Халықтың дауысы» өзекті мәселелерді шешеді

290
Халық қамы үшін

Бүгін Шымкентте «Халықтың даусы» акциясы басталды. Шараның мақсаты әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру.

«Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған шара билік пен халық арасындағы берік байланыстың нығаюына сеп болмақ. Акцияның тұсауы «Химфарм» АҚ кесілді.

Қазақстанда жасалатын фармацевтикалық өнімдердің 50 пайыздан астамы Шымкенттегі «Химфармда» шығарылады. Сондықтан акцияның дәл осы жерден бастау алу орынды-ақ. Кәсіпорынның қызметкерлері белсенділік танытып, талап тілектерін ортаға салды. Көптеген әлеуметтік мәселелер көтеріліп те жатты.  Негізі акцияның мақсаты да осы еді. Қоғамдағы күрмеуі күшті мәселелерді халықтың пікірі арқылы анықтап, оның шешілуіне жол табу.

Сарапшылардың айтуынша келіп түскен ұсыныстар мен талап тілектер қоғамдық пікірталастың тууына негіз болмақ. Сөйтіп сол арқылы мамандар ішкі әл ауқаттың еселеп жақсаруына тиімді механизім әзірлемек.

Акцияның өтуіне мұрындық болғандар содан кейін Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылына аттанды. Қазір аталған елді мекенде 3000 жуық оралман орын тепкен екен. Келешекте олардың да орамды ойлары қаралып, ұсыныстары орындалмақ. Екі кезеңнен тұратын қоғамдық шараның қортындысы енді 10 қарашада жарияланады деп күтілуде.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Lv2gO7wG4Qw[/youtube]