Тәртіп сақшысы адам қағып кетті

Бойжеткен 3 метір биіктікте ауада қалқып 60 метірге қалпақтай ұшты

Шымкенттегі Қонаев даңғылында жаға ұстатар жағдай орын алды. Жол үстінде тағы бір адам қаза тапты. Апатқа себепші жүргізуші тәртіп сақшысы болып шықты. Апат кезінже өрімдей жас қыз бақилыққа аттанды.

Үрейлі кадрлар көлікте орнатылған видеотіркеушіге жазылған. Жаяу жүргішілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамның бірі ажал құшты қас қағым сәтте. Соққының қатты болғаны соншалық 16 жасар бойжеткенді Ауди көлігі 60 метірге қалпақтай ұшырып түсірген. Аса ауыр дене жарақатын алған жас қызды дәрігерлер құтқара амады. Үрімдей ару қайтыс болды. Ес жимаған күйі. Қаққан жүргізуші қашып кетпек те болған. Бірақ оны оқиғаға куә болғандар қолға түсірген. Ұсталған жүргізуші полиция қызметкері болып шықты.

Қас қағымда қаракөз қызды қағып кеткен қаскөй қазір қамауда. ОҚО ІІД Баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша тәртіп сақшысының салғырттығын енді заң қатаң түрде саралайтын болады. Еш бір кешірімсіз.

Қазір қонаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтудің өзі мұң. Құдды қыл көпір секілді. Жаныңды түйіншекке түйіп өтесің. Жүйткігендерді суретке түсіретін жылдамдық өлшегіш құралдары да қаңырап бос тұр. Істен шыққанына көп болған. Құрылғы қызметке кіріссе көлік басқарушылар да ес жияр еді, дейді жергілікті жұрт. Бірақ ол күнге жеткенше жүргізушілер желмен жарысуын тоқтатпақ емес.