Асылтұқымды бұқалар мен бұзаулар Оңтүстікке әкелінді

305

Сонау Австарлиядан ОҚО Түлкібас ауданына асыл тұқымды мал басы әкелінді. «Абердин ангус», және «Герефорд» тұқымындағы шет елдік бұқалар мен бұзаулар Оңтүстік Қазақстан облысындағы асылтұқымды мал шаруашылығын дамытудың негізі болмақ.

Мұндай бастаманы ең алдымен Оңтүстіктің Түлкібас ауданының шаруалары қолға алып отыр. 300 млн. теңгелік бұл жобаны «Қазагрофинанс» АҚ қаржыландырған.Жергілікті билік бұл жобаны рекспубликалық индустрияландыру картасына енгізуді ұсынып отыр. Қажетті құжаттар қазіргі таңда Астанада жан-жақты талқылануда.

Ал қазір «Ақсанат-инжиринг» Австралиядан 439 бас асылтұқымды ірі қара мал сатып алып үлгерді. Ірі қара мал ұшақпен Алматыға жеткізіліп, одан Түлкібасқа әкелінді.

«Ірі қара мал етін экспорттау» жобасын іске асыру мақсатында «Қазагрофинанс» тағы да 7 мыңнан астам асылтұқымды мал басын әкелуді жоспарлап отыр. Жалпы, компания 26 жобаны мақұлдады. Тапсырыс қабылдау және болашағы зор жобаларды талқылау жұмыстары әлі де жалғасуда»-, дейді «Қазагрофинанс» АҚ-ның баспасөз хатшысы Ринат Тасболатов.

Түлкібастықтардың ісінен үлгі алған Төлеби ауданының да іскер азаматтары бұл бағытта жұмыс жасауда. Жақын арада АҚШ елінен «Алтын Дән» ЖШС үшін «Ангус» тұқымынан 180 асылтұқымды мал басы әкелінеді деп жоспарлануда.