14-қараша Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні. Осыған сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық эндокринологиялық диспансерінде арнайы айлық өткізілуде. Бүгін диспансерде ем қабылдап жатқан науқас балғындарға арналып емдеу мекемесі таңертеңгілік өткізді.
Көңілді ырғақты ән мен би, қызылды-жасылды киінген сайқымазақтар аурумен арпалысқан балалардың көңілін бір серпілтіп тастады. Диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Батырханованың мәлімдеуінше, емдеу мекемесінде 20 бала қант диабетіне қарсы ем алып жатқан көрінеді. Жалпы ОҚО Эндокринологиялық диспансері 115 адамға шақталған.
«Бұл індетке шалдыққан біздің облысымызда 27 мың науқас тіркелген. Соның ішінде 100-і балалр. Қант диабеті — жазылмайтын ауру. Сондықтан науқасқа қашанда тұрақты күтім, үздіксіз ем қажет»- дейді бас дәрігердің орынбасары.
Айта кетейік, дүйсенбі күні, 14-ші қарашада облыстық эндокринологиялық диспансерінде ашық есік күні өткізіледі. Мүмкіндікті жіберіп алмай, дәрігерге дер кезінде көрінгеніңіз абзал.