Жыл басынан ОҚО -да 99 ойынханалар жабылып, 753 түрлі ойын автоматтары тәркіленген. Салынған айыппұл 1 млн. 700 мың теңгені құраған . Бүгін тағы екі казино жабылды.
Экономика және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері бұл шаралардың үздіксіз жүргізіліп жатқанын айтады. Жабылған екі ғимарат та қалада орналасқан. Олар Рысқұлов пен Беденеев көшелерінде астыртын жүмыс істеген.
Егерде мұндай ойынханалардың жұмыс жасауына мемлекеттік қызметкерлердің қатысы бар болса, онда бұл жөнінде олардың басшылықтарына дер кезінде хабар берілетін болмақ.