Оңтүстіктің опера әншілері өрледі

323

«Рюбецальдің музыка бағы» деп аталған халықаралық  фестивальде Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының әншілері жүлделі орындарды қанжығасына байлап қайтты. Оңтүстіктің күміс көмей, жез таңдай, диапазоны кең әншілері Ерлан Жандарбай, Алексей Скибин, Гүлжан Расқалиева, Маргарита Кин, Айгүл Айғазиевалар классикалық музыка жаухарларымен сусындап өскен кәрі құрлық өнерсүйер халқын өз өнерлеріне тәнтті етті.

«Рюбецальдің музыка бағы» – Еуропа Одақтастығы, ТМД және Азия елдерінің  кәсіби музыканттары мен студенттері қатысатын жыл сайынғы опералық жоба.

 Фестиваль аясында әлемге танымал опера майталмандарының шеберлік-класстары, вокалдық байқаулармен қатар, Рюбецаль операларының үзінділерінен қойылған қойылымдар мен  классикалық музыка концерттері өтті.