Отырарда коммуналдық үй салынды

252
жалдамалы үй бой көтерді
жалдамалы үй бой көтерді

Торқалы тойға тарту ОҚО Отырар ауданында да жалғасын тапты. Ауданға қарасты үш ауылда жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлердің әрбірінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған үйлердің жалпы ауданы 60,5 шаршы метр, бір пәтерлі.

Отырар ауылдық округіне қарасты М.Шойманов, Арыс, Темір ауылдарында бой көтерген бұл пәтерлерге тұрғын үй көмегіне мұқтаж отбасылар жайғастырылады. Құрылыс жұмыстарын Ә.Әбдіқадыр басқаратын «Барыс-Тассай» ЖШС-і жүргізген.