«Парасат» колледжінде қытай тілінің курстары өтуде

Парасат колледжінің студенттеріне жақсы мүмкіндік туып отыр. Оқу орнының басшылығы оларға арнап қытай тілін үйрету курстарын ұйымдастырыпты. Студенттер шет тілі мен оның мәдениетін тегін үйреніп қана қоймай, оқу жылының соңында Қытайға барады.

Құпия сырға толы шығыс халқы. Аспан асты елі- Қытай, Зарина Баймурзинаны бала кезінен қызықтырған екен. Енді осы елдің мәдениетімен танысып, иероглифтерін оңайлықпен оқуына мүмкіндік туды. Бұған ол өзі білім алып отырған Парасат колледжі себеп болды.

Аптасына 2 рет Парасат колледжінің студенттері қытай тілін меңгеріп қана қоймай, ол елдің салт-дәстүрімен танысады, әйгілі қытай аңыздарына қанық болады. Курсты ашқан басшылық та қателеспепті қытай тілін үйренгісі кететіндер көп болып шықты.

Парасат колледжінің ұстаздары тіл үйренудің аса қажет екендігін айтады. Оқу орының директоры жазғы демалыста курсты үздік оқыған студенттерді аспан асты еліне 2 апталық саяхатқа жібермек.