Тәуелсіздік мерекесіне балалардан шашу

Қаламыздағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапхана ұжымымен жұмыссыздар мен еңбекке қабілеті бар мүгедектерге көмек көрсететін «Демеу» қоғамдық қоры бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы қарсаңында үлкен мерекелік іс шара ұйымдастырды.

Аталған мерекелік кеште қазақтың «тұсау кесу» рәсімі көрсетілсе, ал қаламыздағы №64,37,60 шы мектептің өнерлі оқушылары әннен шашу шашып жиналған көпшілікті ерекше сезімге бөледі.

Ал бүгінгі таңда «Демеу» қоғамдық қорында күндізгі жартылай стационар өз жұмысын жасап келеді. Ал нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Мұндағы 54-бала оң өзгерістерге қол жеткізді. Мұнда көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтің арқасында оң өзгерістерге жетіп, қимыл қозғалысы жұмысын дамытты.