Халық өнегесін үйрету отбасынан басталады

Сайыс

«Ата салтым-алтын қазынам» атты отбасылық байқау №60 орта мектепте болып өтті. Бұл байқаудың негізгі мақсаты оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, халық өнегесін үйрету. Оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде қалыптастыру, ата-ана, оқушы, ұстаздар ұжымын ынтымақтастыру. Ұлттық салт-дәстүріміздің мәнін ұғындырып, насихаттау. Ата -аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақыру.

Бүгінгі байқауға үлгілі отбасылардың аналары қатысты. Үміткерлер түрлі сындардан өтті. Олар: «Бар ізгілік бір өзіңнен басталған», «Ата салтым-асыл қазынам», «Қыздар сұлу көрінен бұрымымен», «Өнерлі өрге жүзеді», «Ас адамның арқауы», «Біліммен парасат сыны».

Сонымен қорыта келгенде: Бірінші орын Омарова Мейрамкүлке берілді, ал екінші орынға Қайназарова Сәуле лайық деп танылса, үшінші орынды Каримова Роза мен Ерімбетова Жұпар өз ара бөлісті.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.