Жас жауынгерлер ант қабылдады

жас түлектер енді кәсіби жұмысқа кіріседі

«Тәуелсіздік монументі» аллеясында қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің жас жауынгерлері әскери ант қабылдады. Жас сарбаздар енді Шымкенттегі түзеу колониялары мен тергеу абақтыларын қорғауға күш салады.

Әскери ант – әрбір азаматтың Отан алдындағы жауапкершілігін күшейте түсуге бағытталған Мемлекет басшысы бекіткен құқықтық құжат. Осынау жауапкершілікті жүрекпен сезінген жас түлектер бүгін салтанатты түрде ант қабылдап, қызметке кірісті.

Бүгін офицерлік және сержант құрамындағы жас түлектер ант қабылдады. Қостанайдағы академияны бітіргендер офицерлік штатқа қабылданса6 Тараздағы және Повладардағы білім ордасын тәмәмдағандар сержант құрамына енгізіледі.

Қазіргі таңда облысымызда 6 түзеу мекемесі бар. 4 мыңнан астам қылмыскер тиісті жазасын өтеуде. Өткен он айда түрмедегілерге жалпы көлемі 9 келіге жуық есірткіні алып өтпек болғандар құрықталған. Тәртіп сақшылары 100 граммнан астам героин мен жарты тоннадан астам спирттік ішімдікті межесіне жеткізбеген. Сонымен қатар сотталушылардан 851 ұялы телефон тәркіленген.

Соңғы 5 жылда түзеу колонияларына ең қажетті диогностикалық-емдік құрал жабдықтар орнатылыпты. Сырқаттанғандарға дер кезінде көмек көрсетіп, нақты диагноз қою қазір бір жолға қойылыпты.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жаңадан ант қабылдаған жас құрама елге қалтықсыз қызмет етеді,болашақта. Түрме басшыларының айтуынша жас сарбаздар тәртіптік жүйеге жаңа леп алып келмек.