Қазақстанның ең үздік мектебі Шымкентте

Қазақстанның ең мықты мектебі атағы

Шымкент қаласындағы №8 мектеп гимназиясы Қазақстанның ең үздік мектебі атағын алды. Бұл жетістікке білім ордасы Республикалық «Білім ұясы» байқауында жетті.

Әр жылдары түсірілген мектеп түлектерінің сарғайған суреттері мен мақтау қағаздарының қатарына тағы Қазақстанның ең мықты мектебі атағы қосылды. Бұл мектеп мұрағатын толықтырған тағы бір сый болып отыр.

Мен бұл білім ордасына 32 жыл бұрын ағылшын пәнінің мұғалімі болып келдім-дейді Ғалия Садырбаева. Маған өте жақсы сыныпты берді. Біздегі балалар өте ақылды. Сондықтан болар барлық байқаулардан қашанда жүлделі орынмен қайтамыз.

Ең мықты үштіктер қатарына енуде оқушылардыңда қосқан зор үлесі бар. Өйткені, бұл мектепте білім алып жүрген оқушылардың жасаған жобалары білім министірлігіндегілердің таңдайын қақтырған. Ал 11-сыныптың оқушысы Игорь Хван тұмауға қарсы егпені ойлап тауып отыр. Енді жас дарын иесі өз зерттеулерімен Европаға бармақ. Айта кететін бір жәйт. Аталған мектеп ордасы бұндай жетістікке осыдан 136 жыл бұрын жеткен болатын.