Американдық азамат қазақ жерінде мал өсіруде

Американың Небраска штатының азаматы Майкл Слэттери Орталық Азия даласында мүйізді мал өсіруде. 23 жасар жігіттің «Мамай» фермасы Астанадан 260 шақырым жерде орналасқан. Мал өсіруші Қазақстандық әріптестерімен әкесінен үйренгендерін бөлісіп, Орталық Азия елдеріндегі ет өнеркәсібін дамытуға көмектеспекші.

Ет өнеркәсібін жандандыруды мамандар ірі қараның жоғарғы тұқымын өсіру арқылы жүзеге асырмақшы. Ол үшін жайылым жер де дайындалып қойылған. Қазіргі күні елімізде 180 миллион гектардай бағыс жер бар.

Майкл Слэттери, фермер: «Қазақстанда кәдеге аспай жатқан жер көп. Мұндағы әр ауыл күндіз жайылымға мал жіберіп, кешке қайтарып алады. Сөйтіп, көптеген жер пайдаға аспайды. Ал мұнда тұяқты мал үшін әлеует жоғары. Менің ойымша, 20 жылдан соң мұндағы жағдай мүлдем өзгереді».

Майкл жұмыс істейтін ферман директорының сөзінше, еліміздегі ет өнеркәсібінде ішкі тұтыныс үшін өнім жеткілікті. Айтуынша, біздегі ендігі ең бастысы міндеттердің бірі Батыстағы әріптесмен тәжірибе алмасу болып табылады.

Нұрғали Бисекенов, «Мамай» фермасының директоры: «Қазіргі жобаның маңыздылығы сонда, мұнда бүгінгі күні АҚШ-тың етті малды өсірудегі жаңа технологияларын ендіріп, пайдалануы болмақ».

Шетелден алдырылған сиырлар бұл күндері қазақтың қатаң климатына үйреніскен. Тіпті, жақсы төлдеп жүр.

Нұрғали Бисекенов, «Мамай» фермасының директоры: «Өздеріңіз көріп тұрғандай амарикандық сиырлар бұл жерде өздерін жақсы сезінуде. Олар біздегі суық ауа райына шыдап, қысты өткерді. Ал төлдеуі ойдағыдай жүруде».

Қазақстандағы мал өсіру ісі Кеңес Одағы ыдырағаннан соң құлдырауға ұшырады. Сол кезеңдерде төрт түлігі бар шаруа ірі қарасын сатты немесе қасапханаға өткерді.

Дегенмен, қазақ елінде бүгінгі таңда бұл өнеркәсіпті дамыту ісі қарқын алуда. Алдағы бес жылға мемлекетіміз 500 мың тонна ет өндіріп, оның 72 мың тоннасын экспортқа шығармақ ниетте.