Ақмола облысында жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында автокөлік қозғалысына шектеу алынды. Дегенмен өзге облыстардың жолдары әлі жабық тұр.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында ( Ресей Федерациясының шекарасы), көп жүк тиелген автокөлік қозғалысы шектеледі; Қарағандыда – Қарағанды телімі – Павлодар облысының шекарасы Қызылорда – Павлодар автожолы; Жезқазған – Қарағанды телімі Қызылорда – Павлодар автожолы; Қарағанды – Ақсу-Аюлы телімі Екатеринбург – Алматы автожолы. Павлодар облысында – Шідерті – Қарағанды телімі Қызылорда – Павлодар автожолы.