Úı Jańalyqtar Екі мыңнан астам жас салтанатты шеру ұйымдастырды

Екі мыңнан астам жас салтанатты шеру ұйымдастырды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын Шымкент жастары салтанатты шерумен атап өтті. Қонаев даңғылы бойына жастар жиналып, «20 жұлдызды күн-20 сенімді қадам!» атты іс-шара өткізді.

Салтанатты шеруге қаламыздың 21 жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 2000-нан жастары қатысты. Олар 100 адамнан қатар-қатар тізіліп, ұран көтеріп, ән айтып тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.