Кентаудың өнеркәсібі даңғыл жолға түсті

323
Құс фермасы

Қаратау бөктерінде орналасқан Кентау өндірістік аймаққа жатады. Дегенмен де, соңғы жылдары халықтың еңбекқорлығының арқасында кенді өңірде өнеркәсіппен бірге ауыл шаруашылығында да ілгері дамушылық бар.

Жуырда Тасқұдық учаскесіндегі «Қарахан Ата» ЖШС-і кіші құс фермасын ашты. «Максимум» АИО арқылы 3 млн. теңгені несиеге алып, ғимарат тұрғызды, жарық пен су алып келіп, кәсібінің кемшін тұстарын ретке келтірді.

Құс фермада болған қала әкімі Н. Қалмұрзаев пен ақсақалдар игі істің атқарылғанына өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, қала орталығындағы “Нұр-Тау” сауда кешенінде орналасқан 300 тонналық көкөніс сақтау қоймасының ашылу салтанатына қатысты. Қойма картоп, пияз, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтауға арналған.

Биылғы жылы «Фарух» шаруа қожалығы көлемі 100 тонналық, «Yess» ЖШС 600 тонналық көкөніс сақтауға арналған қоймаларды іске қосты.